
11 тамыздағы сауда қорытындысында Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа нарықтық бағасы 465,75 теңге деңгейінде қалыптасты. Бір күндегі сауда көлемі 363,1 млн долларды құрады.
Биржадағы бағам Алматының айырбастау пункттеріндегі көрсеткіштерге де жақын. Қаладағы айырбастау орындарында долларды 465,1 теңгеден сатып алып, 467,7 теңгеден сатып жатыр.
Осылайша, қолма-қол нарықтағы доллардың сату бағасы биржадағы көрсеткіштен сәл жоғары қалып отыр. Бұл айырбастау пункттерінің маржасы мен қолма-қол валютаға деген сұранысты ескеретін қалыпты айырмашылық.
Қазір биржадағы және Алматыдағы қолма-қол нарықтағы бағамдар 465–468 теңге дәлізінде қалыптасып отыр.
Валюта айырбастау бағамы
Биржадағы доллар бағамы
Қаржыгерлер келесі айда доллар өсетініне сенімді
Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының тамыздағы сауалнамасына қатысқан сарапшылар теңгеге қатысты болжамын жақсартқан еді. Оған Ұлттық банктің валюта сатуы, экспорттаушылардың долларлық түсімді теңгеге айырбастауы және ірі компаниялардың салық төлеу кезеңі әсер етіп отыр.
Сарапшылар қыркүйек басында доллар бағамы 480,2 теңге, ал бір жылдан кейін 512,2 теңге шамасында болады деп күтеді.