«Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмі алғашқы аптада 1,37 млрд теңге жинады

Жарияланды 11 Тамыз 2026 09:28

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: ascar cinema

Қазақстан кинопрокатында кезекті рекорд орнады. Көптен күткен «Өрмекші адам: Жаңа күн» (Spider-Man: Brand New Day) фильмі көрсетілімнің алғашқы аптасында (6-9 тамыз аралығында) рекордтық касса жинап, көш бастады.

Ascar Cinema ұсынған кассалық жиынтықтар шолуына сәйкес, туынды алғашқы уикендте 1 373 950 115 теңге табыс тапты.

Қазақстан кинопрокатының топ-5 фильмі (6–9 тамыз)

Фильм атауыПрокат аптасыУикенд кассасы (KZT)
1Өрмекші адам: Жаңа күн11 373 950 115 ₸
2Одиссея3275 395 324 ₸
3Миньондар және құбыжықтар521 717 900 ₸
4Лондонды тонау28 491 900 ₸
5Индиядағы бишарашки: Ананы іздеу77 848 800 ₸

«Өрмекші адам: Жаңа күн» картинасы осы көрсеткішпен жақында жарық көрген басты бәсекелестерін басып озды. 

Екінші орында тұрған Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмі көрсетілімнің үшінші аптасында 275,3 млн теңге жинаған. Ал оның алдындағы екі аптада 1 млрд-тан асырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз