KASE индексі 8 мың пунктке жақындады: нарықты қай акциялар алға сүйреді

Жарияланды 12 Тамыз 2026 08:45

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
KASE индексі 8000-ге жақындады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

11 тамыздағы саудада KASE индексі тағы өсті. Индекс 0,63%-ға көтеріліп, 7 997,39 пунктке жетті. Нарықтағы негізгі серпінді «Қазатомөнеркәсіп» пен Kaspi.kz акциялары берді.

Күннің көшбасшысы – Қазатомөнеркәсіп. KZAP акциялары 2,53%-ға қымбаттап, 33 831,36 теңгеден жабылды. Kaspi.kz қағаздары да айтарлықтай өсіп, 2,38%-ға көтерілді. Жабылу бағасы 44 998 теңгені құрады.

«ҚазТрансОйл» акциялары 1,04%-ға өсті. Air Astana мен Bank CenterCredit қағаздарында өсім әлсіз болды — тиісінше 0,14% және 0,02%.

KASE: күн қорытындысы
11 тамыз 2026
Компания Close бағасы Өзгеріс
KZAP
Қазатомөнеркәсіп
33 831,36
+2,53%
өсті
KSPI
Kaspi.kz
44 998,00
+2,38%
өсті
KZTO
ҚазТрансОйл
1 121,05
+1,04%
өсті
AIRA
Air Astana
698,50
+0,14%
өсті
CCBN
Bank CenterCredit
4 831,00
+0,02%
өсті
KEGC
KEGOC
1 453,87
−0,01%
түсті
HSBK
Halyk Bank
393,83
−0,01%
түсті
KMGZ
ҚазМұнайГаз
34 752,00
−0,04%
түсті
KZTK
Қазақтелеком
44 574,50
−0,23%
түсті
KCEL
Kcell
3 214,41
−0,48%
түсті
KASE
KASE индексі
7 997,39 пункт
+0,63%
өсті

Kcell қайтадан төмендеді

Күннің ең әлсіз нәтижесін Kcell көрсетті. Компания акциялары 0,48%-ға арзандап, 3 214,41 теңгеден жабылды.

«Қазақтелеком» акциялары 0,23%-ға, «ҚазМұнайГаз» 0,04%-ға төмендеді. Halyk Bank пен KEGOC қағаздарындағы өзгеріс небәрі −0,01% болды.

Жалпы, индекс құрамындағы акциялардың тең жартысы төмендегенімен, KZAP пен KSPI-дегі 2%-дан жоғары өсім KASE индексін жоғары алып шықты. Индекс 8 мың пункттік межеге бар болғаны бірнеше пункт жетпей тоқтады.

Сондай-ақ оқыңыз