
Орталық Азиядағы бес елдің жиынтық ЖІӨ-сі шамамен 543 млрд долларға бағаланады. Соның ішінде ең үлкен үлес Қазақстанға тиесілі – ел экономикасының көлемі 306 млрд доллар.
Бұл жалпы көрсеткіштің шамамен 56%-ына тең. Яғни аймақта өндірілетін экономикалық құнның жартысынан көбі Қазақстанның үлесіне келеді.
Орталық Азия экономикасының құрылымы
Елдердің ЖІӨ көлемі, млрд доллар
ҚАЗАҚСТАН
ӨЗБЕКСТАН
ТҮРІКМЕНСТАН
ҚЫРҒЫЗСТАН
ТӘЖІКСТАН
Дереккөз: The Times of Central Asia. Көрсеткіштер дөңгелектелген.
Екінші орында Өзбекстан тұр. Оның ЖІӨ-сі 147 млрд доллар. Одан кейін Түрікменстан - 50 млрд доллар, Қырғызстан - 23 млрд доллар, Тәжікстан - 18 млрд доллар.
Осылайша, Қазақстан экономикасының көлемі Өзбекстандікінен екі еседен астам, ал қалған үш елдің экономикасын қосқандағы көрсеткіштен де едәуір жоғары.