Қазақстан мұнай өндірісінің қысқаруы салдарынан 3,5 млн доллар шығын шегуі мүмкін

Жарияланды 12 Тамыз 2026 13:10

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Қазақстан қанша пайдадан қағылды/ Фото: shutterstock

Қазақстан биыл мұнай-газ өндірісінің 8,9 пайызға төмендеуі салдарынан 3,5 миллиард доллар табысынан айырылуы ықтимал. Бұл шығынның үштен бір бөлігі – ел бюджетіне тікелей түспей қалған салықтар. Салалық сарапшы Олжас Байділдиновтің есебінше, логистикалық кедергі мен Қара теңіздегі инфрақұрылымға жасалған шабуыл салдарынан биыл да 100 миллион тонналық межеге жету мүмкін емес.

Жеті айда өндірілмей қалған 5,4 миллион тонна шикізат есебінен мұнай компаниялары мен мемлекет кепілді кірістен айырылды.

Байділдиновтың айтуынша, барреліне 80 долларлық шартты бағамен есептегенде, бұл шығын 3,2 миллиард долларды құрайды. Ал газ өндірісі мен мұнай-газ химиясы зауыттарындағы өңдеу көлемінің төмендеуін қоса есептегенде, жалпы шығын 3,5 миллиард доллардан асып жығылады.

Өндірістің құлдырауына не себеп?

Бұған дейін Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов алғашқы жартыжылдықтағы 3,3 миллион тонна мұнай кем өндірілгенін мәлімдеген. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында елімізде 45,7 миллион тонна мұнай өндірілді. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш 49,9 миллион тонна болған.

Министр бұл көрсеткіштерді Каспий құбыр консорциумы мен Теңіз кенішіндегі жағдаймен байланыстырды.

Ал жеті айда өндіріс 8,9 пайызға қысқарып, жалпы 53,2 млн тоннаны құрады.

Маусымдағы шабуылдар салдарынан КҚК инфрақұрылымы мен танкерлер зардап шегіп, шикізат тиеу қиындады. Сонымен қатар, елде өндірілген мұнайды сақтайтын резервуарлардың жоқтығы да өндірісті еріксіз шектеуге мәжбүр етті.

Сондай-ақ оқыңыз