Қазақстандықтар тырнақ күтіміне 8 млрд теңге жұмсаған

Жарияланды 12 Тамыз 2026 14:00

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қазақстанда сұлулық индустриясы ірі нарыққа айналып келеді / фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстандағы сұлулық индустриясы қомақты қаржы әкелетін нарықтардың біріне айналды. 2025 жылы шаштараздар, косметикалық қызметтер мен сұлулық салондарының жалпы қызмет көлемі 127,3 млрд теңгеге жетті.

Сұлулық қызметтерінің ішінде шаштараз қызметтерінің үлесі ең жоғары. Өткен жылы бұл қызметке қазақстандықтар 67,5 млрд теңге жұмсаған. Бір жыл ішінде көрсеткіш 5,3%-ға өсті.

Маникюр, педикюр және басқа да косметикалық қызметтердің көлемі 7,5 млрд теңге болды. Ал сұлулық салондары көрсететін өзге қызметтерден түскен табыс 52,3 млрд теңгеге жеткен.

Ауылда да beauty-нарық өсіп келеді

Сұлулық индустриясы тек ірі қалаларда дамып жатқан жоқ. Ауылдық жерлерде де шаштараз қызметіне сұраныс артып отыр.

2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметінің көлемі 34,3 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 4,2%-ға өсті. Яғни елдегі шаштараз нарығының едәуір бөлігі ауылдарға тиесілі.

Бұдан бөлек, ауылдық жерлердегі сұлулық салондарының өзге қызметтері 1,9 млрд теңгені, ал косметикалық қызметтер 814,9 млн теңгені құрады.

Осылайша, Қазақстанда шаш қиюдан бастап маникюр мен косметикалық күтімге дейінгі қызметтер барған сайын ірі нарыққа айналып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз