Жаңалықтар

Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында 20 тамызға дейін қозғалыс шектелді

Фото: kursiv.media архиві

Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының Алматы облысындағы учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Жүргізушілерге жол жөндеу жұмыстарына байланысты айналма бағытпен жүруге тура келеді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының жекелеген бөліктерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қай учаскеде шектеу қойылады

Жөндеу жұмыстарына байланысты 12-20 тамыз аралығында жолдың 1121-1186 шақырымдары аралығындағы учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін көлік қозғалысы айналма бағыт бойынша ұйымдастырылады.

Жүргізушілерге ескерту

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерден сапар бағытын алдын ала жоспарлап, жолдағы уақытша белгілердің талаптарын қатаң сақтауды сұрады.

Сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерден өткен кезде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет.

Компания жүргізушілерден жолдағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.