
Орал қаласында 210 мың теңгеге той ұйымдастырған жас жұбайлар желідегі жұртты сүйсінтті, деп жазады Kursiv.Media. Олар қуаныштарымен Instagram парақшасында бөліскен.
«02.08.2026 жыл . Біздің үйлену тойымыз. Кеткен шығынымыз – 210 мың теңге», – деп жазды жұбайлар.
Қалыңдықтың сөзінше, той көйлегі – 19 мың теңге, күйеу жігіттің костюмі – 13 мың теңге болған, оны жастар қытайлық маркетплейске тапсырыс беріп алған.
«Бақыт мекені» орталығында 125 мың теңгеге салтанатты түрде неке қидырып, 50 шақты адамды шақырған. Тойда жастардың достары мен ата-анасы ғана болған.
«Неке қиюшының төлем ақысы – 20 мың теңге, қалындықтың қолына ұстайтын гүлі – 4 мың теңге, қалындықтың шашы – 9 мың теңге (макияжды өзім жасадым), фотографтың ақысы – 20 мың теңге», – деп жазды олар.
Қалыңдықтың сөзінше, тойға макияжды өзі жасап, артық шығын шығармауды жөн көрген.
Желі қолданушылары болардың бұл әрекетін қолдап, бұл тойды «трендке айналдыру керек» екенін жазып, жастарға бақыт тілеуде.