
Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріне ие Meta компаниясы 750 мыңнан астам австралиялық бала мен жасөспірімнің аккаунтын бұғаттады.
Австралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға ресми түрде тыйым салды. Парламент осындай заңды 2024 жылғы қарашада қабылдап, құжат 2025 жылдың аяғында күшіне енді.
Алайда кәмелет жасқа толмаған балалар желілерге тіркелуін тоқтатпаған. Соған байланысты Meta күдік туғызған тағы 756 мың аккаунтты бұғаттады. Олардың 462 мыңы Instagram-да, ал 294 мыңы Facebook-те тіркелген.
Meta жыл басында 500 мыңға жуық аккаунтты өшірген еді.
Алып корпорация адам жасын суретіне қарай анықтауға көшті. Соған байланысты Meta арнайы бағдарлама қосуға мәжбүр болды.
Австралия тәжірибесі көрсеткендей, балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік желілерден шектеу үшін заң қабылдау жеткіліксіз. Оған қатаң бақылау қажет. Өйткені жастар тәртіпті айналып өту үшін түрлі айла-әдістерге барады.