
Желіде танымал блогер Диана Скатова мен оның сүйіктісі Сұлтанның алдағы тойына қатысты ерекше жаңалық тарады. Жұп өздерінің қуанышты күнін оқырмандарына ақылы өту форматында ұсынбақ, деп жазады Kursiv.Media.
Көрермендер салтанатты шараны арнайы Telegram-бот арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.
Тікелей эфирдің шарттары мен бағасы
«Sultan & Diana» деп аталатын Telegram-ботта тікелей эфирге қосылудың қадамдары толық жазылған.
Той 30 тамыз күні өтеді. Эфирге қатысу құны: 990 теңге. Сонымен қатар онлайн-көрермен атанғысы келетіндер төлемді жасап, чекті ботқа жіберуге тиіс. Модератор төлемді растағаннан кейін пайдаланушы жабық Telegram-каналға сілтеме алып, ары қарай тікелей эфирді күтеді.
Еске сала кетейік, мұндай тәжірибе Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында болған еді.