Күн тұтылды: Ай жұлдыздың бетін толықтай тұмшалады

Жарияланды 13 Тамыз 2026 08:52

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
Күн тұтылды
Күннің тұтылуын миллиондаған адам тамашалады / фото: REUTERS/Christian Hartmann

12 тамызда кейінгі бірнеше жылдағы ең ірі астрономиялық оқиғалардың бірі болды – Күн толықтай тұтылды. Ай жұлдыздың бетін тұмшалады.

Өткен сәрсенбі Астрономия тарихында сирек кездесетін үш бірдей құбылыстың бір уақытқа тұспа-тұс келуімен ерекшеленді.

  • Планеталар шеруі: Таң алдында аспанның бір секторында бірден алты планета (Юпитер, Меркурий, Марс, Уран, Сатурн және Нептун) қатар тізілді;
  • Толық Күн тұтылуы: Түс қайта және кешке қарай Ай Күнді толық жауып, күндізді түнге айналдырды;
  • Персеид метеорлар ағыны: Күн батқаннан кейін дәл осы түнде жылдың ең жарық жұлдыз жаууы (метеорлар нөсері) өзінің шарықтау шегіне жетті.

Тағы бір қызықты мәлімет, Еуропа аумағында 1999 жылдан бері алғаш рет Күн толық тұтылды. Сирек құбылысты көру үшін Испанияға 6 млн адам жиналды. Ал Исландияға 80 мыңға жуық турист барды.

Польша премьер-министрі Дональд Туск күннің тұтылғанын көрді
Польша премьері Дональд Туск Күннің тұтылуын тамашалады / фото: REUTERS/Kacper Pempel

Испания мен Португалия тұрғындары ғажайып көріністің куәгері болды: бұл аймақтарда Күн толық немесе жартылай тұтылған күйінде горизонтқа батты. Ғалымдар мен фотографтар бұны «батқан Күннің тұтылуы» деп атап, атмосфералық сыну әсерінен Күн тәжінің өте ерекше жирен-қызыл түске енгенін тіркеді.

Қазақстан тұрғындары астрономиялық көріністің куәсі бола алмады. Өйткені тұтылу басталған уақытта елде күн батып кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз