
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова бір күннің ішінде екі бірдей өнердегі інісінің қуанышты тойына қатысып үлгерді, деп жазады Kursiv.Media.
Алматыдан Шымкентке
Мақпал Жүнісова қос досының да көңілін қалдырмай, екі қала арасында ұшып жүріп қуанышқа ортақтасқан.
«Екі досымды да ренжітпей, сағат сегізде Қайраттың тойының жартысына қатысып, одан шығып, аэропортқа үлгеріп келіп, ұшақпен Шымкентке Ғазиз досымның анасының мерейтойына келдім. Екі досымды да ренжітпедім», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Алматыдағы Қайрат пен Жұлдыздың қыздарының тұсаукесер тойынан кейін әнші бірден әуежайға бет алып, Шымкент қаласында өткен композитор әрі әнші Ғазизхан Шекербековтің анасының мерейтойына аман-есен жеткен.