Роналдуның тойы қалай өтті: желіде алғашқы видеолар жарияланды

Жарияланды 17 Тамыз 2026 09:40

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Роналдуның тойы қалай өтті / фото: Vogue

Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду мен сүйіктісі Джорджина Родригес ресми түрде некелерін қиды, деп хабарлайды Kursiv.Media. Желіде апта бойы тойдың қайда, қашан және кімдердің қатысуымен өтетіні жайлы түрлі сыбыстар тараған болатын. Алайда жуырда Vogue журналы жұптың эксклюзивті суреттері мен алғашқы бейнежазбаларын жариялап, үйлену тойының қалай өткенін көрсетті.

Жұп неке қию рәсімін өздері үшін маңызды 11 тамызға қойған күнге жоспарлаған. Себебі дәл 10 жыл бұрын олар дәл осы күні Мадридтегі Gucci дүкенінде танысқан еді.

Сән-салтанаты келіскен үлкен тойдың орнына, әлеуметтік желіде 750 млн астам оқырманы бар жұп Португалияның Кашкайш қаласындағы өз үйлерінде, қонақтарсыз шағын отбасылық жиын өткізуді жөн көрген. Неке қию рәсіміне тек бес баласы мен ең жақын 4 куәгері қатысты.

«Бала кезімде зәулім сарай мен ұзын көйлекті армандаушы едім. Ал қазір ең маңыздысы – өз үйімізде, жұбайыммен және балаларымызбен бірге өткен осындай оңаша сәт. Себебі сарай, көлік пен аралдар біздің өмірімізде күнделікті тіршілікке айналған, ал отбасымызбен оңашада жиналатын кез – біз үшін сирек кездесетін бақыт», – дейді Джорджина.

Vogue ұсынған эксклюзивті бейнежазбалар мен фотоссесиядан кейін ғашықтардың шіркеуге барып, бата алғаны да белгілі болды.

Болашақта Криштиану мен Джорджина барлық достары мен жақындарының басын қосып, ауқымды той өткізуді де жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз