
19 тамызда теңге долларға қатысты салыстырмалы түрде нығайған деңгейде қалып отыр. Алматыдағы MiG айырбастау пункттерінде сағат 13:07-дегі жағдай бойынша АҚШ доллары 463,1 теңгеден сатып алынып, 465,7 теңгеден сатылып жатыр, деп жазады Kursiv.Media.
Еуроны айырбастау орындары 533,5 теңгеден сатып алып, 538,5 теңгеден сатуда. Ресей рублінің бағамы — 5,29-5,41 теңге, ал Қытай юані — 68,7-71,1 теңге аралығында.
Валюта айырбастау бағамы
Биржадағы доллар бағамы
Қазақстан Ұлттық банкінің 19 тамызға белгілеген ресми бағамы 1 доллар үшін 460,13 теңгені құрайды. Еуроның ресми бағамы — 532,60 теңге, рубль — 5,42 теңге, юань — 68,25 теңге.
KASE сайтында USD/KZT бойынша соңғы қолжетімді USDKZT_TOM көрсеткіші 460,34 теңге деңгейінде тұр. Алайда бұл мәннің соңғы уақыты — 18 тамыз, 17:00. 19 тамыздағы сағат 12:30-да аяқталған валюта саудасының қорытындысында доллар бойынша мәміле көрсетілмеген, ал юаньның орташа өлшенген бағамы 68,5095 теңге болды.