
Қытайда Лаи атты бұзау туралы мультфильм хитке айналды. Көпшілік арзан туындының қаншалықты сапасыз екенін өз көзімен көру үшін кинотеатрларға ағылып жатыр.
«Лаи атты бұзау» (Niu Lai) мультфильмінің феномені – интернет-мемдердің күші сапасыз туындыны да хитке айналдырып жіберетінінің жарқын мысалы. 2026 жылғы тамызда Қытай кинотеатрларында көрсетіле бастаған анимациялық туынды әуелі сәтсіздікке ұшырады, бірақ кейін әлеуметтік желілердің буымен нағыз сенсацияға айналды.
After going viral for its rough animation, Niu Lai is now projected to earn 5.98 million yuan (US$830,000), up from just 7,169 yuan in its first nine days. https://t.co/NpLSZpkwEX pic.twitter.com/aVypqx6pzZ
— Shanghai Daily (@shanghaidaily) August 15, 2026
Бұзаудан тараған вирус
Мультфильмнің 3D-графикасы, кейіпкерлер дизайны заманауи өндіріс талаптарынан тым артта қалып қойған. Көпшілік «қорқынышты» әрі күлкілі деп сипаттаған кадрлар мен үзінділер Қытайдың Weibo, Douyin секілді әлеуметтік желілерінде мемге айналды. Көрермен осындай сапасыз өнімнің кинотеатрларға қалай түскенін түсіне алмай, оны өз көзімен көру үшін жаппай билет сатып ала бастады.
Ғажайып табыс
Лаи атты бұзаудың бастан кешкендерін алғашқы он күнде бар болғаны 300-ге жуық адам көрген. Касса 1 мың доллардан әзер асқан.
Күлкілі бұзау вирусқа айналғаннан кейін оның кассадағы жинағы бірнеше мың есе өсіп шыға келді. Сапасыз мультфильм тіпті Кристофер Ноланның жұрт мақтаған «Одиссеясымен» бәсекелесетін дәрежеге жетті. Лаи Қытай прокатында үздік алтылыққа енді.
Екі адам түсірген фильм
Туынды БАҚ наразына ілігіп, журналистер оны екі-ақ адам – ана мен бала 5 жыл бойы дайындағанын анықтады. Екеуі компаниясын жауып, қаражаты мен уақытын осы жобаға салған.
Ұлы графикаға жауапты болса, анасы сценарий жазып, кейіпкерлерді дыбыстап, есепші қызметін қоса атқарған. Осы оқиға – қарапайым отбасының еңбегі көрермен жүрегін елжіретіп, жаппай қолдауға дем берді.
9 days, ¥7,169 (US$1,063), 236 viewers — a 2026 Chinese animated film just set the year's lowest theatrical gross. Some viewers said it was even worse than amateur AI-generated clips. pic.twitter.com/ko8qwDdEaE
— Shanghai Daily (@shanghaidaily) August 14, 2026
Кинотеатрлар маркетингі
Мультфильмнің ресми постері де болмағандықтан, кинотеатрлардың кейбірінің қызметкерлері афишаларды қолмен салып шыққан. Көпшілікті қызықтыру үшін ерекше ережелер енгізген: егер көрермен графикаға шыдамай, алғашқы 10 минутта залдан шығып кетсе, билет құны толық қайтарылған.
Сын мен табыс
Лаи туғызған құбылысқа бәрі бірдей қуана қойған жоқ. Мемлекеттік баспасөз осындай сапасыз туындының трендке шығуы кинотеатрлар деңгейін түсіреді деп дабыл қақты. Автордың туған қаласындағы кинотеатрларыдың кейбірі «шаһар атына кір келтіреді» деген желеумен мультфильмді көрсетілімнен алып тастады.
Соған қарамастан Лаи бұзау кассада 3,4 млн доллар жинап үлгерді. Маоуян киноплатформасының сарапшылары вирустай тараған тренд осылай жалғаса берсе, кассадағы жалпы жинақ 20 млн долларға жетуі мүмкін деп болжады. Мәліметтерге қарағанда, «Лаи атты бұзауға» бар болғаны 200-300 доллар жұмсалған.