Фонограммамен ән айтқан әншілерге енді айыппұл салынады

Жарияланды 20 Тамыз 2026 12:04

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: ЖИ арқылы жасалды

Қазақстанда концертте фонограмма пайдаланғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Мамыр айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБТК) 156-бабы 3 және 4-бөліктермен толықтырылып, заң жүзінде бекітілген талаптар ресми түрде өз күшіне енді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жаңа ережеге сәйкес, концерттік және мәдени-бұқаралық шараларда ұйымдастырушылар, әншілер «плюс» немесе дауыс фонограммасын заңсыз пайдаланса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Айыппұл мөлшері қанша?

2026 жылы Қазақстанда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңгені құрайды. Осыған байланысты айыппұл көлемі мынадай:

1. Алғаш рет бұзғаны үшін (156-бап, 3-бөлік):

  • Жеке тұлғаларға (әншілерге, орындаушыларға): 100 АЕК = 432 500 теңге. Ал заңды тұлғаларға (концерт ұйымдастырушыларына, агенттіктерге): 150 АЕК = 648 750 теңге

2. Бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса (156-бап, 4-бөлік):

  • Жеке тұлғаларға: 150 АЕК = 648 750 теңге. Заңды тұлғаларға: 200 АЕК = 865 000 теңге

Ереже қандай жағдайларда қолданылмайды?

Заңда көрсетілгендей, ерекше жағдайларға ереже қолданылмайды. Атап айтқанда:

  • Телевизиялық түсірілімдер мен жазбалар жүріп жатқанда (телебағдарламалар, концерттерді телеарнаға түсіру кезінде);
  • Концерттік ойын-сауық немесе мәдени-бұқаралық шаралар өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған орындарда өткізілетін жиындарда.

Осылайша, арнайы бейімделген концерттік залдарда, сарайлар мен ашық сахналарда жанды дауыста ән айтпай, дайын вокалдық фонограмманы (плюсты) қосып орындаған өнер иелері мен оларды ұйымдастырушы компаниялар заң алдында жауап беретін болады.

Сондай-ақ оқыңыз