Грузия алғаш рет Қазақстан мұнайын импорттады

Жарияланды 20 Тамыз 2026 10:07

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Грузия қазақ мұнайын импорттай бастады / фото: ЖИ көмегімен

Шілде айында Грузия алғаш рет Қазақстаннан 5,5 мың тонна мұнайды $3,2 млн-ға сатып алды. Осылайша қазақстандық мұнайдың бір тоннасы шамамен $582 болған.

Сол айда Грузия Ресейден 87,4 мың тонна мұнайды $36,4 млн-ға импорттаған. Ресей мұнайының бір тоннасы шамамен $416 болған. Яғни ол қазақстандық мұнайдан тоннасына $166-ға арзан түскен. Бұл туралы мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов хабарлады.

2027 жылғы 25 қаңтардан бастап Грузиядағы жалғыз мұнай өңдеу зауыты — Кулеви МӨЗ-і Еуроодақтың санкциялық шектеулеріне ілікпеу үшін ресейлік мұнайды өңдеуден толық бас тартуы тиіс.

Осыған байланысты Кулеви зауыты жеткізушілерді әртараптандырып жатыр. Тамызда кәсіпорын Ливиядан мұнай импорттауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Кулеви МӨЗ-і Қазақстан мен Түрікменстан мұнайына қызығушылық танытқан. Осы бағыттағы жеткізілімді жеңілдету үшін Грузия биыл мамырда Әзербайжанмен жылдық өткізу қуаты 6 млн тонна болатын Баку–Супса мұнай құбырының жұмысын қайта жандандыру туралы келісімге келген болуы мүмкін. Себебі мұнайды теміржолмен тасымалдау қымбатырақ.

Баку–Супса құбырының қайта іске қосылуы Орталық Азия мұнайын Грузия арқылы Еуропаға жеткізу бағытын да жандандыруы мүмкін. Бұл Қазақстан үшін Каспий арқылы Әзербайжанға, одан әрі Қара теңіз жағалауына шығатын балама экспорт маршрутының маңызын арттырады.

Тағы да оқыңыз →
Қазақстан нарығындағы ең қымбат 20 компания (Инфографика)
Сондай-ақ оқыңыз