
Құрама Штаттардың мемлекеттік қарызы алғаш рет 40 трлн доллардан асып кетті. Бұл туралы сәрсенбі күні осы елдің Қаржы министрлігі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Министрлік мәліметінше, сейсенбі күні жалпы өтелмеген мемлекеттік берешек 40,047 трлн доллар болған. Оның ішінде қазыналық құнды қағаздар бойынша қарыз 32,2 трлн долларға , ал үкіметтің ішкі міндеттері 7,7 трлн долларға жеткен.
Reuters Дональд Трамп пен Джо Байден билік еткен уақытта АҚШ-тың мемлекеттік қарызы екі есеге ұлғайғанына мән берді. Берешек Трамптың екі президенттік мерзімінде 11,6 трлн долларға, ал Байденнің төрт жылдық билігінде 8,4 трлн долларға ұлғайған.
Басылым мұндай теріс көрсеткіштің қаржы дағдарысы жақындап келе жатқанының белгісі деп есептейді. Өйткені шығын табыстан айтарлықтай асып түскен.
«Қырық триллион доллар қарыз мемлекет шоттарында ғана көрініп тұрған жоқ, оның әсері бүкіл экономикаға тиді. Түптің түбінде адамдардың қалтасына түседі», – деп сынады Майя МакГинес. Ол федералдық бюджеттің атқарылуын бақылайтын үкіметтік емес ұйымды басқарады.
Өткен аптада Қаржы министрлігі АҚШ-тың маусым айындағы қаржы дефициті 432 млрд доллар болғанын хабарлаған. 2026 жылғы қаржы тапшылығы 2025 жылғы көрсеткіштен асып кетті. Ал қаржы жылының аяқталуына әлі екі ай бар.