«Хайп емес, Еркебұлан екеуміздің қарым-қатынасымыз шынайы» – Маркиза

Жарияланды 20 Тамыз 2026 10:50

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: Instagram

Желіде Маркиза лақап атымен танымал блогер Дарья Подгорная Еркебұлан Тоқтармен арадағы қарым-қатынасы туралы бар шындықты жария етті. Бұл туралы блогер журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтып берді.

Таныстық қалай басталды?

Маркизаның айтуынша, Еркебұлан оған осыдан жарты жыл бұрын Instagram желісінде алғаш болып хат жазып, гүл сыйлаған.

Ол кезде Маркиза сырқаттанып жүргендіктен, бірден жауап бермеген. Еркебұлан: «Кем дегенде гүлдердің ұнаған-ұнамағанын айтсаңшы» деп қайта жазған соң, Маркиза алғысын білдірген.

«Оның кім екенін білмедім»

Маркиза Еркебұлан Тоқтардың елімізде қаншалықты танымал екенінен мүлдем хабарсыз болғанын жасырмады:

«Мен оның кім екенін мүлдем білмедім. Парақшама тіркелгенде, 2,5 миллион оқырманы бар екенін көрдім. Еркебұланға тікелей: «Сен соншалықты танымалсың ба? Өзің кімсің?» – деп сұрадым. Ол бұған қатты таңғалып, ұялып қалды», – дейді Маркиза.

Бұған дейін, желі қолданушылары Еркебұлан Тоқтар мен Маркизаның бірге шетелде демалып жүргенін байқаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз