«Қайтып келген қыз – аман»: блогер Бота Мианың зорлық-зомбылық туралы видео жариялады

Жарияланды 22 Тамыз 2026 15:23

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: видеодан скрин

Желіде блогер Ақбота Нұрақынның (Бота Миа) отбасылық зорлық-зомбылық пен ескірген стереотиптерге қарсы түсірген ролигі небәрі бір тәуліктің ішінде 4,5 миллион қаралым жинап, интернетті шарлап кетті.

Қоғамдағы «ұзатылған қыз артына қарамауы керек», «төркінге қайтып келген қыз – жаман» деген теріс стереотиптер талай жас қыздың өмірін қиюға себеп болып отыр. Видеода дәл осы «жаман» деген сөздің үсті сызылады.

Бұл видео Меркідегі 19 жастағы Мадина Рашидқызының мезгілсіз қазасынан кейін түсірілді. Еске сала кетейік, Мадинаны күйеуі «Барни» тәттісі үшін соққыға жыққан, ал артынша бойжеткен «асылып қалды» деген суыт хабар тарады. Бұл оқиға қоғамның қабырғасын қайыстырып, үлкен резонанс тудырды. Қазіргі таңда полиция аталған жайт бойынша суицидке итермелеу бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз