
Танымал жайдарманшы әрі блогер Мереке Қалбаева «Махаббат жасқа қарамайды» атты романтикалық-комедиялық фильм түсірді.
Туынды 12 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрында үлкен экранға жол тартпақ. Фильмнің басты тақырыбы – махаббат пен сезімнің жас айырмашылығына бағынбайтыны, шынайы сезімнің алдында ешқандай кедергінің болмайтыны.
Фильмнің атауы мен сюжеттік желісі блогердің өмірлік тәжірибесімен де үндесіп жатқандай. Себебі Мереке Қалбаеваның оқырмандары жақсы білетіндей, оның күйеуі Арсен өзінен алты жас кіші.
Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға үйленіп, «Кішкентай қыз» атты жаңа әнін шығарған еді.