KASE индексі тарихи рекордты жаңартты

Жарияланды 28 Тамыз 2026 08:30

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Индекс тарихи рекордты жаңартты / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

27 тамызда KASE индексі қатарынан екінші күн өсті. Сауда қорытындысында көрсеткіш 55,64 пунктке немесе 0,69%-ға көтеріліп, тарихи рекорд 8 113,32 пунктке жетті. Бір күнде индекс 8 062,39-8 117,24 пункт аралығында құбылды.

Акциялар арасында ең жоғары өсімді «ҚазТрансОйл» көрсетті. KZTO-ның жабылу бағасы 1 141,93 теңгеден 1 176 теңгеге көтеріліп, Close-to-Close есептеуде 2,98% қымбаттады. Одан кейін «Қазатомөнеркәсіп» акциясы +1,86% және Halyk Bank +1,56% нәтиже көрсетті.

KASE: күн қорытындысы
27 тамыз 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
ҚазТрансОйл
KZTO ҚазТрансОйл
1 176,00 ₸
+2,98%
өсті
Қазатомөнеркәсіп
KZAP Қазатомөнеркәсіп
33 857,16 ₸
+1,86%
өсті
Halyk Bank
HSBK Halyk Bank
390,00 ₸
+1,56%
өсті
Kcell
KCEL Kcell
3 199,12 ₸
+0,67%
өсті
KEGOC
KEGC KEGOC
1 452,15 ₸
+0,44%
өсті
Air Astana
AIRA Air Astana
709,00 ₸
+0,21%
өсті
Kaspi.kz
KSPI Kaspi.kz
49 109,27 ₸
+0,17%
өсті
ҚазМұнайГаз
KMGZ ҚазМұнайГаз
35 150,02 ₸
+0,07%
өсті
Банк ЦентрКредит
CCBN Банк ЦентрКредит
4 795,00 ₸
−0,02%
түсті
Қазақтелеком
KZTK Қазақтелеком
44 800,00 ₸
−0,17%
түсті
KASE
KASE индексі күн қорытындысы
8 113,32
+0,69%
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 27 тамыз 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Kcell акциялары 0,67%, KEGOC 0,44% өсті. Air Astana +0,21%, Kaspi.kz +0,17%, ҚазМұнайГаз +0,07% қосты. Осылайша индекс құрамындағы 10 акцияның сегізі қымбаттады. KASE-нің 27 тамыздағы ресми тізімінде AIRA, CCBN, HSBK, KCEL, KEGC, KMGZ, KSPI, KZAP, KZTK және KZTO бар.

Минус аймақта екі қағаз ғана қалды. Банк ЦентрКредиттің акциясы 0,02%, ал Қазақтелеком 0,17% арзандады. «Қазақтелекомның» Close бағасы 44 878 теңгеден 44 800 теңгеге түсті.

Сауда белсенділігі де айтарлықтай артты. Индекстік акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы күнмен салыстырғанда 54,6% өсіп, 1,874 млрд теңгеге жетті. Ал 8 117,24 пункттік максимум бұған дейінгі 8 101,99 деңгейінен жоғары болды, яғни индекс сауда барысында жаңа биікке шықты.

Сондай-ақ оқыңыз