
Қазақстан Даму банкінің кредиттік бағасы жақсарды. S&P Global Ratings банктің ұзақмерзімді рейтингін BBB деңгейінен BBB-ге, ал қысқамерзімді рейтингін A-3-тен A-2-ге көтерді. Болжам «Тұрақты».
Рейтингтің көтерілуі Қазақстанның егемен рейтингінің жақсаруынан кейін болды. S&P Қазақстан Даму банкінің мемлекетпен байланысын өте жоғары бағалап, қажет болған жағдайда банкке төтенше мемлекеттік қолдау көрсетілу ықтималдығын «өте жоғары» деп есептейді.
Сонымен қатар агенттік банктің қамтамасыз етілмеген басым облигациялардың ұзақмерзімді рейтингін де BBB-ге көтерді. Ал Қазақстанның ұлттық шкаласы бойынша рейтинг kzAAA деңгейінде сақталды.
«Тұрақты» болжам S&P-дің Қазақстанның қазіргі егемен рейтингінің жақын уақытта сақталатынын күтіп отырғанын білдіреді. Яғни ҚДБ рейтингіне мемлекеттің кредиттік қабілеті тікелей әсер етіп отыр.
ҚДБ соңғы күндері KASE арқылы да белсенді қаражат тартып жатыр. Мәселен, 25 тамызда банк жеті жылдық облигацияларын орналастырып, 564,9 млн теңгені жылдық 15% кірістілікпен тартқан. Бұған дейін 21 тамызда осы шығарылым арқылы тағы 600 млн теңге алған еді.
Айта кетейік осы ұйым Freedom Банкінің рейтингін «BB-» деңгейіне көтерген болатын.