Инфляция бір таңбалы деңгейге түсті: тамызда 9,8%-ды құрады

Жарияланды 1 Қыркүйек 2026 12:37

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Инфляция төмендеді / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстанда жылдық инфляция баяулауын жалғастырды. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы тамызда баға былтырғы сәйкес аймен салыстырғанда 9,8% өсті. Шілдеде бұл көрсеткіш 10,2% болған. Осылайша инфляция 2025 жылғы ақпаннан бері алғаш рет бір таңбалы деңгейге түсті.

Баға динамикасы

Қазақстандағы жылдық инфляция

2025 жылғы қаңтар – 2026 жылғы тамыз, %

Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Дегенмен бір айдағы баға өсімі бәсеңдеген жоқ. Тамызда тауарлар мен қызметтер шілдедегідей 0,6% қымбаттады.

Жылдық есепте азық-түлік бағасы 9,5% өсті. Шілдеде өсім 10,1% болған еді. Азық-түлік емес тауарлар 11,4%, ал ақылы қызметтер 8,9% қымбаттады. Үш санаттың ішінде баға ең қатты азық-түлік емес тауарларда өскен.

Жалпы инфляция 2025 жылғы қыркүйектегі 12,9%-дық шарықтау шегінен бері 3,1 пайыздық тармаққа төмендеді. Соған қарамастан, ай сайынғы өсімнің 0,6% деңгейінде сақталуы баға қысымының әлі де бар екенін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз