Қазақстандық «14 күн» фильмі кассалық табыс бойынша «Өрмекші адамды» басып озды

Жарияланды 1 Қыркүйек 2026 12:54

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Қазақстандық «14 күн» фильмі көрсетілімге шыққан алғашқы уикендінде (27–30 тамыз аралығында) 140 млн теңгеден астам касса жинап, демалыс күндерінің көшбасшысы атанды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Freedom Ticketon ресми Box Office мәліметтеріне сәйкес, үздік үштікте:

  • 1-орын: «14 күн» – 140 420 818
  • 2-орын: «Астрал 6» – 139 674 362
  • 3-орын: «Өрмекші адам: Жаңа күн» – 134 882 082

Отандық комедия «Астрал 6» хорроры мен голливудтық «Өрмекші адамды» артта қалдырды. Алайда, «14 күн» фильмі үшін бұл алғашқы апта болса, «Өрмекші адам» прокатта төртінші апта бойы көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ «Өрмекші адамның» бұған дейінгі апталарды қосқандағы жалпы жинаған табысы 2 млрд теңгеден асқан еді.

Сондай-ақ топ-10 фильмдер тізіміне отандық «Болған оқиға 2» (94,8 млн), кинотеатрларда қайта көрсетіліп жатқан «Хәрри Поттер» (90,9 млн) және «Одиссея» (78,8 млн) енді.

Сондай-ақ оқыңыз