
3 қыркүйекке арналған АҚШ долларының ресми бағамы 458,37 теңге болады. KASE-де 2 қыркүйек күні сағат 15:30-да USD/KZT жұбы бойынша көрсеткіш осы деңгейде қалыптасты.
2 қыркүйектегі ресми бағам 458,45 теңге еді. Демек, доллар бір күнде 8 тиынға немесе шамамен 0,02%-ға арзандады. Яғни теңге долларға қатысты аздап нығайды.
Валюта айырбастау бағамы
Биржадағы доллар бағамы
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың сату бағасы 458 теңгеге дейін түсті. Орташа бағам бойынша 2 қыркүйек сағат 15:03-те АҚШ валютасын 455,5 теңгеден сатып алып, 458,1 теңгеден сатып жатыр.
Еуроның бағамы 526,5/531,5 теңге, Ресей рублі — 5,19/5,31 теңге, Қытай юані — 68,3/70,7 теңге болды. Ал 2 қыркүйекке Ұлттық банк белгілеген доллардың ресми бағамы 458,45 теңгені құрайды.