Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңге: бұл межеден тек бес өңір асты

Жарияланды 2 Қыркүйек 2026 12:30

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Орташа жалақы анықталды / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстандағы орташа айлық жалақы 486,4 мың теңгеге жеткенімен, межеден небәрі бес өңір ғана асты. Ең жоғары және ең төмен көрсеткіштің айырмасы 310 мың теңгеден асады: Маңғыстау тұрғынының орташа жалақысы Солтүстік Қазақстан облысындағыдан шамамен 1,9 есе көп, деп хабарлайды Kursiv.Media.

2026 жылдың екінші тоқсанында ел бойынша орташа айлық атаулы жалақы 486 388 теңгені құрады. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда көрсеткіш 5,4%-ға өскен.

Өңірлердегі жағдай

Ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында тіркелді – 673 656 теңге. Одан кейін Астана – 647 920 теңге, Атырау облысы – 631 555 теңге және Алматы қаласы – 610 371 теңге. Ұлытау облысында орташа жалақы 588 691 теңгені құрады.

2026 · II тоқсан
Өңірлердегі орташа жалақы
Орташа айлық атаулы жалақы және I тоқсанмен салыстырғандағы өзгеріс
Қазақстан бойынша
486 388 ₸ +5,4%
0250 500700 мың ₸
ОРТАША
ЖАЛАҚЫ
ӨТКЕН
ТОҚСАНҒА
Маңғыстау облысы
673 656
+2,1%
Астана қаласы
647 920
+6,3%
Атырау облысы
631 555
−3,3%
Алматы қаласы
610 371
+6,3%
Ұлытау облысы
588 691
−10,3%
Қарағанды облысы
470 390
+7,1%
Шығыс Қазақстан облысы
454 226
+3,5%
Павлодар облысы
450 583
+0,4%
Ақтөбе облысы
440 520
+4,8%
Абай облысы
422 043
+4,1%
Қызылорда облысы
418 672
+8,7%
Қостанай облысы
412 546
+4,5%
Ақмола облысы
406 085
+7,2%
Батыс Қазақстан облысы
402 028
+3,7%
Алматы облысы
401 457
+6,8%
Жетісу облысы
377 798
+9,1%
Шымкент қаласы
377 710
+7,8%
Жамбыл облысы
375 456
+14,1%
Түркістан облысы
370 964
+11,5%
Солтүстік Қазақстан облысы
363 123
+11,2%
Өзгеріс 2026 жылғы I тоқсанмен салыстырылып көрсетілді.
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Осы бес өңір ғана республикалық орташа деңгейден жоғары тұр. Қарағанды облысындағы көрсеткіш 470 390 теңге болса, қалған өңірлерде орташа жалақы 455 мың теңгеге де жетпейді.

Жалақы көлемі бойынша соңғы орында Солтүстік Қазақстан облысы қалды – 363 123 теңге. Түркістан облысында орташа жалақы 370 964 теңге, Жамбыл облысында 375 456 теңге болды. Шымкент пен Жетісудағы көрсеткіш те 378 мың теңгеге жуық.

Алайда жалақысы төмен өңірлерде тоқсандық өсім жоғары болды. Жамбыл облысында орташа жалақы үш айда 14,1%-ға, Түркістан облысында 11,5%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 11,2%-ға артқан.

Ал екі өңірде кері өзгеріс тіркелді. Ұлытау облысында орташа жалақы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 10,3%-ға, Атырау облысында 3,3%-ға төмендеді. Соған қарамастан екі облыс та жалақы көлемі ең жоғары бес өңірдің қатарында қалды.

Айта кетейік, орташа жалақы әр қызметкер дәл осындай сома алады дегенді білдірмейді. Көрсеткішке жалақысы өте жоғары қызметкерлердің табысы да әсер етеді.

Сондай-ақ оқыңыз