Қосылған құн салығының өсуі бюджет кірісіне қалай әсер етті

Жарияланды 3 Қыркүйек 2026 15:02

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
фото: shutterstock/KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) 16%-ға дейін өскенімен, республикалық бюджеттегі қаржы тапшылығы жойылаған жоқ.

2026 жылдың алғашқы жартысында ҚҚС түсімі 43,1%-ға өсіп, бюджетке қосымша 1,2 трлн теңге түсті. Түсімдерді (трансферттерді есепке алмағанда) есептегенде, республикалық қазынаның табысы 24,6%-ға (1,7 трлн теңгеге) өсті.

Алайда «Qazaq Expert Club» эксперті, салық кеңесшісі Раушан Тасшоинова бұл өсімді тек салықтың көтерілуімен байланыстыру дұрыс емес деп санайды.

«Бұндай тұжырым жасау әлі ерте. Бірінші жартыжылдықтың статистикасында ескі мөлшерлемемен де, жаңа мөлшерлемен де төленген төлемдер ескерілген. Оған қоса, салық жүйесінің басқа да параметрлері қатар өзгерді», – дейді Раушан Тасшоинова.

Себебі жыл басынан бері ҚҚС төлеушілер қатары 22 мыңға көбейіп, электронды салық жүйесіндегі айналым 10,8 трлн теңгеге артты. Яғни салық базасының кеңеюі де басты рөл атқарды.

Сонымен қатар шілде айының қорытындысы бойынша ҚҚС жинау жоспары 90,3%-да, ал КТС 96,7%-да тоқтап қалды.

Салық реформасы Ұлттық қордан алынатын трансфертке тәуелділікті азайту мақсатында жүргізілген еді. Әйтсе де, үкімет жақында Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемін тағы 5 трлн теңгеге арттыратынын мәлімдеді. Осыдан кейін 17 жыл бойы 12% деңгейінде сақталған ҚҚС-ты өсіру қаншалықты орынды болды деген сұрақ туындайды.

«Түсім көлеміне салық базасының ауқымы, жеңілдіктер саны, экономика құрылымы және салықтық әкімшіліктендіру сапасы тікелей әсер етеді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жоғары ставка – түсімді арттырудың жалғыз жолы емес. Соңдықтан қазіргі 16%-ды 18%-ға немесе 20%-ға өтудің аралық кезеңі деп қарастыруға ерте», — деп атап өтті Раушан Тасшоинова.

Сол себепті елдегі салық реформасының тұрақты әсерін қамтамасыз ету үшін салық жүктемесін ұдайы өсіре бермей, әкімшіліктендіру сапасын арттырған маңызды.

Бұған дейін экономист Ғалым Құсайынов теңгенің нығаюы салдарынан бюджетке 400 млрд теңге кем түскенін айқан.

Сондай-ақ оқыңыз