
Әнші Ернар Айдар он жыл бұрын алғаш сахнаға шығып, алғашқы концерт берген кезін еске түсірді.
Әнші сол кезде жасаған әрекеттерінен қатты ұялады екен. «Қылықтарым да онша емес. Ол концертімді қазір көрсем ұяламын», – деді Ернар Айдар.
Оның айтуынша, алғашқы концерт берерде бір күн бұрын залға келіп, бұрыш бұрыштарға, залдың ортасына келіп, көрермен ретінде отырып көрген. Халық әндерін біле ме екен деп, қатты қобалжыған.
«Көп рахмет! Көрермендерім мен тыңдармандарым сол кезде мені қатты қолдады. Менің біраз әндерімді біледі екен. Қосылып айтты», – деді Ернар Айдар.
Оның сөзіне қарағанда, бұл әншіге сенімділік беріп, көңілі орнына түскен. Сонда да ол өзі қалағандай ашыла алмаған. Биіне, сахнадағы өзін ұстауына көңілі толмаған.
Мұның алдында Ернар Айдар «Қарамай» атты жаңа әнін Үoutube әлеуметтік желісінде жариялап, оқырмандарынан баға беруді сұраған еді.