
15 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған ауқымды мәдени және музыкалық шаралар өтеді деп хабарлайды Кursiv.Media.
«Көктөбедегі» мерекелік бағдарлама
Айтулы күн аясында «Көктөбе» саябағы тұрғындар мен қала қонақтары үшін арнайы бағдарлама ұсынады:
13:00 – 19:00 – Зейнеткерлер үшін аспалы жолмен жүру тегін болады.
14:00 – Саябақ сахнасында жүргізушінің қатысуымен мерекелік бағдарлама басталады.
17:00 – Сахна төрінде вальс билеуді үйрететін тегін шеберлік сабағы өтеді.
Республика Сарайындағы «Шәмші әлемі» концерті
Көк-Төбедегі бағдарламадан кейін сағат 19:00-де Республика Сарайында «Шәмші әлемі» атты концерт өтеді. Композитордың өшпес әндерін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының белгілі солистері орындайды. Симфониялық оркестрге композитордың өз ұлы – Мұхтар Қалдаяқов дирижерлік етеді.
21:30 – Концерттен соң, «Көктөбе» саябағындағы «Shashu» ресторанында кешке қатысқан өнерпаздармен арнайы фотосессия ұйымдастырылады.
Қазақ музыкасының алтын қорына айналған әуезді әндер мен вальс ырғағы бұл күні шаһар аспанында қайта жаңғырмақ.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» атындағы медаль енгізілген еді.