Qazaqstan пен Qazsport арналары Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Жарияланды 11 Қыркүйек 2026 12:29

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: olympic.kz

19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Аичи префектурасында XX жазғы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды Kursiv.Media. Құрлықтың басты спорттық додасын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Азия құрлығының ең үздік спортшылары бас қосатын биылғы аламанда 43 спорт түрінен 71 бағдарлама бойынша жарыстар ұйымдастырылып, жалпы 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Телеарна көрермендері үшін жарыстардың тікелей трансляциясынан бөлек, Азия ойындарына арналған арнайы студиялық бағдарламалар мен оқиға орнынан тікелей қосылымдар ұсынылады. Сондай-ақ «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірілім тобы Жапониядан эксклюзивті репортаждар дайындап, жарыс барысы мен соңғы жаңалықтарды әлеуметтік желілерде жедел бөлісіп отырады.

Бұған дейін, Азия ойындарына қатысатын боксшылар тізімі жарияланған еді.

Сондай-ақ оқыңыз