
Алматыда Қала күні мерекесімен қатар Жетісу ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала ойындары» атты ауқымды этно-фестиваль өтеді, деп хабарлайды Kursiv.Media қала әкімдігіне сілтеме жасап.
«Ұлы дала ойындары» 19 қыркүйек күні Омаров көшесі 10А мекенжайында орналасқан Алматы ипподромында өтеді.
Мерекелік бағдарлама барысында көрермендер аламан бәйге, құнан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу мен жамбы ату сияқты ұлттық ат спорты жарыстарын тамашалай алады. Спорттық бәсекелер қазақ күресі, қол күресі, тоғызқұмалақ және асық ату сайыстарымен жалғасады.
Сонымен қатар мерекелік сахнада Роза Рымбаева, Мөлдір Әуелбекова, Мадина Сәдуақасова, Сұңқар Әлімұса, Мұрат Япрак, «Дервиши» тобы, Rabat Ethno Fusion мен «Алатау серілері» сияқты танымал өнерпаздар мен музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді.
Шараға келген қонақтар ұлттық дәмдерден ауыз тиіп, шеберлер мен қолөнершілердің көрмесін, мерекелік жәрмеңкені аралай алады, сондай-ақ арнайы тақырыптық фотоаймақтарда естелік суретке түсуге мүмкіндік алады.
Оқи отырыңыз: 19-20 қыркүйек күндері Алматының орталығы – Арбатта дәстүрлі Kitap Fest жәрмеңкесі өтеді.