Азия ойындарының ашылу салтанатын қайдан көруге болады

Жарияланды 18 Қыркүйек 2026 14:28

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: Olympic.kz

19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сары құрлықтың басты додасында спортшылар 43 спорт түрінен 71 бағдарлама бойынша сынға түсіп, 469 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Ашылуы салтанатын отандық жанкүйерлер тікелей эфирде сағат 13:55-те Qazsport пен Qazaqstan арналарынан көре алады.

Дүбірлі доданың салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Сарвиноз Миркадирова ұстап шығады.

Сондай-ақ оқыңыз