
Қазақстанда бензин мен дизель отынына салынатын акцизді есептеу тәртібі өзгереді. Үкіметтің 11 қыркүйектегі №816 қаулысына сәйкес, белгіленген шектен жоғары көтерме бағадан қосымша акциз есептегенде қолданылатын коэффициент 95% болады. Бұған дейін бұл көрсеткіш 50% болған.
Бензин үшін есептеуге негіз болатын көтерме баға шегі — тоннасына 214 584 теңге, дизель үшін — 284 350 теңге. Яғни 95% барлық жанармай бағасына салынатын акциз мөлшерлемесі емес: жаңа коэффициент баға осы шектен асқан жағдайда формула ішінде қолданылады.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң күшіне енеді және оның нормалары 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Kursiv Media жаңа формула 22 қыркүйектен қолданылатынын және нарық өкілдері оның жанармай нарығына ықпалын талқылап жатқанын анықтады.
Өзгеріс бензин мен дизельдің бөлшек бағасын автоматты түрде 95%-ға көтермейді. Бірақ белгіленген шектен жоғары көтерме бағамен сатылған отынға түсетін салық жүктемесін арттырады
18 қыркүйекте Астана және Алматы қалаларында АИ-92 маркалы бензин бағасы литріне –241-249 теңге аралығында болса, АИ-92 маркалы бензин бағасы –319-322 теңге аралығында сатылуда.