Маңғыстау әкімі сахнада әдепсіздік танытқан айтыскер туралы ойын айтты

Жарияланды 18 Қыркүйек 2026 10:18

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Нұрдәулет Қилыбай жағдайға қатысты ойын айтты/ gov.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтыс кезінде әдепсіздік танытқан ақын Мақсат Ақановтың әрекетіне пікір білдірді, деп жазады KursivMedia.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысының Шайыр ауылында өткен айтыстан кейін ақын Мақсат Ақановтың сахнадағы әдепсіз сөздері мен жүріс-тұрысы әлеуметтік желіде сынға ұшырады. Содан кейін айтыскерді алдағы жарты жылда айтыстарға қатыстырмау жөнінде шешім қабылданды

«Таланты үшін кешірер едім»

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтыскердің әрекетіне кешіріммен қарайтынын айтты.

«Мақсат талантты жігіт. Екінің бірі ақын бола алмайды. Нақты зерттеп көрген жоқпын, дөрекі сөйлеп, тіл тигізген дегенді естідім. Бәрінің атынан жауап бере алмаймын. Мақсат сахнада сынап, қалжыңға айналдырған болса, кешірер едім. Жеке өз басыма тіл тигізген болса, бір таланты үшін оны кешірер едім», – деді Нұрдәулет Қилыбай. 

Бұған дейін Төреғали Төреәлінің де сахнадағы қылығы көрермендерге ұнамай, артынша продюссері әншінің енді концерттерге шықпайтынын мәлімдеген еді. 

Сондай-ақ оқыңыз