Қазақстан банктері қанша пайда тапты: 8 айлық динамика

Жарияланды 21 Қыркүйек 2026 10:01

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
банк секторының табысы / фото: Kursiv Media

Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері 2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында жиынтық 1,61 трлн теңге таза пайда тапты. Ай сайынғы көрсеткіштерді талдау банк секторының табысы жыл бойы біркелкі болмағанын көрсетеді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Банктер жылды жоғары нәтижемен бастады. Қаңтардағы таза пайда 198,6 млрд теңге болды. Ақпанда көрсеткіш 190,3 млрд теңгеге дейін азайғанымен, наурызда қайтадан 203,4 млрд теңгеге жетті. Сәуірдегі нәтиже де осы деңгейге жақын – 203,6 млрд теңге.

Ең жоғары көрсеткіш мамырда тіркелді. Осы айда екінші деңгейдегі банктердің таза табысы 239,8 млрд теңгеге жетті. Бұл қаңтар–тамыз аралығындағы ең жоғары айлық нәтиже.

БАНК СЕКТОРЫ

Банктердің таза табысы айлар бойынша

2026 • ҚАҢТАР–ТАМЫЗ
8 айдағы таза табыс
1,61 трлн ₸
Ең жоғары ай
239,8 млрд ₸
Орташа айлық пайда
201,2 млрд ₸
250
200
150
100
50
0
198,6 млрд ₸
Қаңтар
190,3 млрд ₸
Ақпан
203,4 млрд ₸
Наурыз
203,6 млрд ₸
Сәуір
239,8 млрд ₸
ЕҢ ЖОҒАРЫ
Мамыр
159,9 млрд ₸
Маусым
200,9 млрд ₸
Шілде
213,4 млрд ₸
Тамыз
Дереккөз: ҚР екінші деңгейдегі банктері бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп. Айлық нәтиже жинақталған көрсеткіштердің айырмасы негізінде есептелді.
Инфографика:
Нұрсұлтан Ерболатұлы

Алайда маусымда жағдай күрт өзгерді. Банктердің таза пайдасы бір айда 159,9 млрд теңгеге дейін төмендеді. Бұл сегіз айдағы ең төмен көрсеткіш болды.

Шілдеде сектор қайта қалпына келе бастады. Банктер 200,9 млрд теңге таза пайда алды. Тамызда көрсеткіш тағы өсіп, 213,4 млрд теңгеге жетті. Осылайша, жаздың соңғы екі айында сектор маусымдағы төмендеуден кейін қайтадан 200 млрд теңгеден жоғары айлық пайдаға шықты.

Жалпы алғанда, қаңтар–тамыздағы орташа айлық таза пайда шамамен 201 млрд теңгені құрады. Сегіз айдың алтауында банктердің бір айдағы таза табысы 190 млрд теңгеден жоғары болды.

Есепте банктердің қаржылық нәтижесі жыл басынан бері жинақталған түрде көрсетіледі. Kursiv Media әр айдағы нақты нәтижені анықтау үшін кезекті есептік кезеңдегі жинақталған таза табыстан алдыңғы айдың көрсеткішін алып тастап есептеді.

Сондай-ақ оқыңыз