
Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркітәлин Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында аралас жекпе-жектен алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Алтын жүлде үшін өткен шешуші кездесуде Бүркітәлин Бахрейн өкілі Мұхаммад Набиевпен кездесті.
Финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Осылайша Еркінғали Бүркітәлин Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды.
Бұған дейін, Бэлла Самашева Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.