Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Алматыға келді

Жарияланды 23 Қыркүйек 2026 11:36

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Елена Рыбакина Алматыға келді / фото: Instagram

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Алматыға келді, деп хабарлайды Kursiv.Media. Спортшы қалаға келгенін Instagram парақшасында жариялаған суреті арқылы көрсетті.

Рыбакина сторисінде Алматы геолокациясын белгілеп, гүл шоғы мен жүлделері тұрған жерден сурет жариялады.

Бұған дейін, Қазақстан теннис федерациясы 21 қыркүйекте Рыбакинаның Алматыдағы Ботаникалық бақта журналистермен кездесіп, баспасөз мәслихатына қатысатынын хабарлаған еді. Алайда кейін федерация теннисшінің денсаулығына байланысты БАҚ өкілдерімен кездесу кейінге шегірілген еді.

Еске салайық, Елена Рыбакина жақында US Open турнирінде чемпион атанып, әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ оқыңыз