Екі күміс: Азия ойындарында жеңіл атлеттер мен мергендер жүлде алды

Жарияланды 23 Қыркүйек 2026 08:27

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: Cали Сабиров / Olympic.kz

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында тағы екі күміс медаль жеңіп алды. Жүлделер жеңіл атлетика мен стенд атудан бұйырды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жеңіл атлет Кристина Морозова жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен екінші орын алды. Қазақстандық спортшы мәреге 1 сағат 35 минут 25 секундта жетті.

Алтын медальді Қытай өкілі Ян Люцзин 1:33:40 нәтижесімен иеленді. Үшінші орынға тағы бір қытайлық спортшы Юньянь Цзян тұрақтады. Оның нәтижесі – 1:35:26. Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Эльмира Калимуллина 1:43:21 көрсеткішімен алтыншы орын алды.

Сондай-ақ стенд атудың скит бағдарламасындағы әйелдер арасындағы командалық сайыста Қазақстан күміс жүлдеге қол жеткізді. Ел намысын Әсем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садақбаева қорғады.

Командалық есеп үш спортшының іріктеу кезеңінде көрсеткен нәтижелері бойынша анықталды. Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, Үндістан спортшылары қола жүлдеге ие болды.

Әсем Орынбай жекелей сында да жарысты жалғастырады. Ол іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша финалға жолдама алды.

Бұған дейін, Қадырбек Шынбаев Қазақстан қоржынына алтыншы алтынды алып келді.

Сондай-ақ оқыңыз