
Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның Aichi-Nagoya 2026 Азия ойындарындағы марафондық спорттық жүрісте көрсеткен нәтижесі жойылды. Осылайша қазақстандық спортшы алтын медальдан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Тоқсанбаева жарыста мәреге бірінші болып жеткен еді. Алайда жарыстан кейін оның нәтижесіне қатысты протест түсіп, қорытынды нәтиже бірден бекітілмеді.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті бұған дейін протест спортшының жарыста киген аяқкиіміне қатысты екенін хабарлаған. Атап айтқанда, аяқкиім моделінің World Athletics талаптарына сәйкестігі тексерілді.
Кейін Ясмина Тоқсанбаева нәтижесінің жойылғанын өзі хабарлады.
«Алтынды елге алып қайтқым келді. Нәтиже жойылды. Соңына дейін күрестік», – деді спортшы.
Осылайша қазақстандық спортшының марафондық спорттық жүрістегі жеңісі ресми нәтиже ретінде есептелмейді.