Kaspi Broker іске қосылуға тағы бір қадам жақындады

Жарияланды 30 Қыркүйек 2026 10:34

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Kaspi.kz, Iran, Middle East
Kaspi broker лицензия алды / фото: shutterstock

Kaspi.kz тобына кіретін Kaspi Broker Ltd. Астана халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитетінен (AFSA) бірнеше қызмет түріне лицензия алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Компанияға мына бағыттар бойынша жұмыс істеуге рұқсат берілген:

  • брокерлік қызмет — клиент атынан бағалы қағаздармен мәміле жасау;
  • кастодиандық қызметті ұйымдастыру;
  • инвестициялық кеңес беру;
  • қарсы мәмілелер негізінде дилерлік қызмет көрсету.

Kaspi Broker жұмыс істей алатын қаржы құралдарының қатарына акциялар, борыштық бағалы қағаздар және ұжымдық инвестициялау қорларының үлестері, соның ішінде ETF кіреді.

Алайда компания әзірге жұмысын бастай алмайды. Лицензия берілгенімен, Kaspi Broker қызметін іске қосу үшін AFSA-дан бөлек рұқсат алуы қажет.

Осылайша, Kaspi.kz өз брокерлік бизнесін іске қосуға тағы бір қадам жақындады.

Бұған дейін, 2026 жылғы 30 шілдеде Kaspi.kz АХҚО аумағында Kaspi Capital Ltd. компаниясын тіркеген. Ал 25 қыркүйекте Kaspi Capital Ltd. еншілес Kaspi Broker Ltd. компаниясын құрды. Бұл туралы Finemntor телеграм арнасы хабарлаған еді.

Үш күннен кейін, 28 қыркүйекте, Kaspi Broker капитал нарығында жұмыс істеуге қажетті лицензияларды алды. Енді компанияға брокерлік қызметті нақты бастау үшін AFSA-ның тиісті мақұлдауын алу ғана қалды.

Сондай-ақ оқыңыз