Азия ойындарында нәтижесі есепке алынбаған Ясмина елге оралды (видео)

Жарияланды 1 Қазан 2026 17:46

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Получит ли Ясмина Токсанбаева завоеванное золото?
Ясмина елге оралды/Фото: Арлан Олжабай / ҰОК

Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен мәреге бірінші келсе де, нәтижесі есепке алынбаған Ясмина Тоқсанбаева елге оралды, деп хабарлайды KursivMedia.

Тоқсанбаеваны Алматы әуежайында жанкүйерлері күтіп алды. 

Еске сала кетсек, Ясмина 42,195 шақырымды 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші келген. Алайда жарыстан кейін оның аяқкиіміне байланысты протест түсіп, кейін нәтижесі есепке алынбады.

Содан кейін Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы протест пен шағымның нәтижесіне қарамастан, Токсанбаеваға чемпионға қарастырылған барлық сыйақыны өз қаражаты есебінен толық төлейтінін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз