
iPhone Duo смартфонына алдын ала тапсырыс беру 16 қазанда, жұма күні басталады, деп хабарлайды Kursiv.media.
Алайда Apple алдын ала тапсырысты рәсімдеу процесіне қашан дайындалуға болатынын енді ғана хабарлады.
iPhone Duo-ға алдын ала тапсырысты барынша жылдам рәсімдеу үшін дайындықты 12 қазаннан бастау қажет.
Әдетте, Apple жаңа ірі iPhone моделін шығарған кезде, алдын ала тапсырыс беруге дайындалуға белгілі бір уақыт аралығы беріледі. Осы кезеңде қажетті сипаттамаларды алдын ала таңдап қоюға болады.
12 қазаннан бастап 15 қазанға дейін Apple Store қолданбасына немесе Apple-дің онлайн-дүкеніне кіріп, алдын ала тапсырыс беретін өнімді таңдап қою қажет.
Оған iPhone Duo-ның түсін, жады көлемін, ұялы байланыс операторын, төлем тәсілін және басқа да параметрлерді таңдау кіреді.
Counterpoint болжамынша, Apple биыл 6 миллионға жуық бүктемелі iPhone Duo сатпақ. Бағасы 1 999 доллардан басталады.