Микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылса, қарыз жойыла ма 

Жарияланды 1 Қазан 2026 10:45

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
микроқаржы ұйымы
Микроқаржы лицензиясынан айырылса да, төлемді тоқтатуға болмайды / фото: shutterstock

Қазақстанда микроқаржы ұйымының лицензиясы тоқтатылса немесе қайтарып алынса, қарыз автоматты түрде жойылмайды, деп хабарлайды Kursiv.Media

Қарыз алушы микрокредитті шартта көрсетілген тәртіппен өтеуді жалғастыруы керек. МҚҰ жабылып қалса да, қарызды қайтару міндеттемесі сақталады.

Егер МҚҰ қарызды басқа қаржы ұйымына немесе коллекторлық агенттікке берсе, қарыз алушыға жаңа кредитор мен төлем жасауға арналған деректемелер туралы хабарлануы тиіс.

Ал қарыз басқа ұйымға берілмесе, төлемдер бұрынғы шартта көрсетілген реквизиттер бойынша жүргізіледі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды деген ақпаратты естіп, төлем жасауды өз бетінше тоқтатуға болмайды. Алдымен қарыздың кімге тиесілі екенін және төлем реквизиттерінің дұрыстығын анықтап алған жөн.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 217 микроқаржы ұйымы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 8 ұйымның лицензиясы қайтарылып, тағы 2 ұйымның лицензиясы уақытша тоқтатылған.

Микроқаржы ұйымының лицензиясының бар-жоғын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан тексеруге болады.

Егер МҚҰ-мен мәселе туындаса, қарыз алушы микроқаржы омбудсманына тегін жүгіне алады.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанда қаржы ұйымдарына 465 млн теңге айыппұл салынды

Сондай-ақ оқыңыз