Шаруаларға 5%-бен кредит беретін бағдарламаға өтініш қабылдау басталды

Жарияланды 1 Қазан 2026 09:25

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Арзан несиеге өтініш қабылдау басталды / Фото: shutterstock.

Фермерлерге 5%-бен кредит беретін «Кең дала-2» бағдарламасына өтініш қабылдау 1 қазаннан басталды, деп хабарлайды Kursiv.Media. Аталмыш бағдарлама аясында егішілерге 200 млрд теңге арзан несие берілмек.

Бұл 2027 жылғы маусымның көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталады.

«Бұл тәсіл шаруашылықтарға тұқымдарды, тыңайтқыштарды, отын мен бөлшектерді алдын-ала сатып алуға, техниканы дайындауға және дала жұмыстары басталғанға дейін қаржылық жүктемені жеңілдетуге мүмкіндік береді», – делінген үкімет хабарламасында.

Өтінімді шаруалар Аграрлық кредиттік корпорацияның филиалдары, екінші деңгейлі банк, кредиттік серіктестік, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталық және микроқаржы ұйымдары арқылы бере алады.

Соңғы үш жылда көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі шамамен 1,8 есе өсіп, 750 млрд теңгеге жеткен.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин шаруаларға бөлінетін субсияды азайып, арзан несие беру артатынын мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз