Алматының тек бір ауданынан бюджетке 266,4 млрд теңге салық түсті

Жарияланды 5 Қазан 2026 17:45

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
/ Фото: shutterstock, бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Әуезов ауданы бюджетке қомақты салық төледі/Shutterstock

Алматының Әуезов ауданынан биылғы тоғыз айда мемлекеттік бюджетке 266,4 млрд теңге салық пен төлем түскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Абзал Егембердиев мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.media.  

Оның айтуынша, түсімнің 127,2 млрд теңгесі республикалық, 139,2 млрд теңгесі жергілікті бюджетке бағытталған.

Есепті кезеңде ауданда көтерме сауда көлемі 630 млрд теңгеге, бөлшек сауда көлемі 861,6 млрд теңгеге жетті.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 42,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8%-ға өскен. Былтыр бұл көрсеткіш 39,9 млрд теңге болған.

«Әуезов жақсы дамып келе жатқан, қаланың әлеуметтік-экономикалық өмірінде үлкен орын алатын аудан», – деді Абзал Егембердиев.

Тағы да оқыңыз: Алматыда LRT құрылысы жүріп жатқан көшелердің жолы шөгіп қалды

Сондай-ақ оқыңыз