Astana Hub ірі резиденттері үшін талап күшейді: табысты аудитор растауға тиіс

Жарияланды 5 Қазан 2026 12:48

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: Astana Hub

5 қазаннан Astana Hub-тың табысы 1,3 млрд теңгеден асатын резиденттері енді жыл сайын кірісін тәуелсіз аудитор арқылы растауы тиіс.

300 мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары табыс табатын ірі резиденттер жыл сайын 20 шілдеге дейін арнайы есеп немесе аудиторлық қорытынды ұсынуы қажет. Бұл құжатта компания табысының құрылымы мен атқаратын қызметінің АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) саласындағы басым бағыттарға сәйкестігі толық көрініс табуы тиіс.

Мұндай бақылау шаралары технопарк беретін жеңілдіктердің тек бейінді және ірі АКТ-компанияларға берілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

QR-кодпен қорғалған электронды куәлік

Сонымен бірге, «Астана Хаб» қатысушысын тіркеу куәлігінің де жаңа электронды үлгісі енгізілді. Жаңартылған құжат арнайы QR-кодпен қорғалған.

Бұл жаңалық куәліктің түпнұсқалығын лезде тексеруге және құжат айналымын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жаңа ережелер Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің № 558/НҚ бұйрығымен бекітілді.

2025 жылы шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ АХҚО-да бизнесін тіркеуге мүмкіндік берген.

Сондай-ақ оқыңыз