Келесі Азия ойындары 2030 жылы Қатарда өтеді

Жарияланды 5 Қазан 2026 12:22

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: qatar-tribune

Келесі, XXI жазғы Азия ойындары 2030 жылдың қараша айында Қатар астанасы Дохада өтеді. Осылайша, Аичи–Нагоядағы додадан кейін Азияның үздік спортшылары төрт жылдан соң Дохада бас қосады. Қатар астанасы Азия ойындарын бұған дейін 2006 жылы қабылдаған еді, енді араға 24 жыл салып, құрлықтың басты спорт додасын екінші рет өткізгелі отыр, деп жазады Kursiv.Media.

Азия ойындарының алдағы қожайындары бірнеше жыл бұрын анықталған. 2026 жылғы ойындар Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласына берілсе, 2030 жылы Доха, ал 2034 жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласы жарысты қабылдайды.

Доха 2030 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығын Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында жеңіп алған. Сол кезде 2030 жылғы додаға Дохамен бірге Эр-Рияд та үміткер болған. Нәтижесінде Дохаға 2030 жылғы, ал Эр-Риядқа 2034 жылғы Азия ойындары берілді.

Айта кетейік, Қазақстан 2026 жылғы Аичи–Нагоядағы Азия ойындарын 12 алтын, 24 күміс және 48 қола — барлығы 84 медальмен аяқтады.

Сондай-ақ оқыңыз