
5 қазан сағат 15:58-дегі жағдай бойынша, KASE-дегі USDKZT_TOM бағамы 457,08 теңгеге жетті. Бұл алдыңғы сауда күніндегі деңгейден 1,24% немесе 5,58 теңгеге жоғары.
Сауда барысында доллардың ең төменгі бағасы 450 теңге, ал ең жоғарысы 458 теңге болды. Мәмілелер көлемі 537,8 млн доллардан асты.
Осылайша, теңге бір күннің ішінде долларға шаққанда тағы 5,58 теңгеге құнсызданды. Қазір нарықта доллар 457 теңгеден жоғары саудаланып жатыр.
Қазір Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі соңғы қолжетімді бағам бойынша доллар 455,1 теңгеден сатып алынып, 458,1 теңгеден сатылып жатыр. Еуро — 509,5 / 513,5, рубль — 5,15 / 5,27, юань — 64,9 / 67,3 теңге. Дерек 5 қазан, 12:52-де жаңарған.