Қазатомөнеркәсіптің бір дана акциясы 30 мың теңгеге жетті

Жарияланды 6 Қазан 2026 08:08

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Қор нарығы аптаны өсіммен бастады / фото: Kursiv Media

5 қазанда KASE индексі 0,37% өсіп, 7 846,74 тармаққа жетті. Алдыңғы сауда күні индекс 7 818,16 тармақта болған. Индекс құрамындағы акциялармен жасалған мәмілелер көлемі 1,8 есе азайып, 677,7 млн теңгені құрады.

ҚазАтомөнеркәсіп индексті алға сүйреді

Ең жоғары өсім уран алыбы Қазатомөнеркәсіпте (KZAP) тіркелді. Акцияның жабылу бағасы 29 550 теңгеден 30 000 теңгеге көтерілді. Екі сауда күнінің жабылу бағасын салыстырғанда өсім 1,52% болды. Kaspi.kz (KSPI) акциясы 1,01% қымбаттап, 43 370 теңгеге жетті. Halyk Bank (HSBK) 0,96%, Банк ЦентрКредит (CCBN) 0,29% өсті.

KASE: күн қорытындысы
5 қазан 2026 жыл
Компания
Жабылу бағасы
Өзгеріс
Қазатомөнеркәсіп
KZAPҚазатомөнеркәсіп
30 000,00 ₸
+1,52%▲
өсті
Kaspi.kz
KSPIKaspi.kz
43 370,00 ₸
+1,01%▲
өсті
Halyk Bank
HSBKHalyk Bank
376,47 ₸
+0,96%▲
өсті
Банк ЦентрКредит
CCBNБанк ЦентрКредит
4 862,89 ₸
+0,29%▲
өсті
Қазақтелеком
KZTKҚазақтелеком
44 677,99 ₸
+0,00%▲
өсті
ҚазМұнайГаз
KMGZҚазМұнайГаз
35 750,00 ₸
0,00%
өзгермеді
Кегок
KEGCКегок
1 519,01 ₸
−0,003%▼
түсті
Air Astana
AIRAAir Astana
682,00 ₸
−0,27%▼
түсті
Kcell
KCELKcell
3 162,00 ₸
−0,31%▼
түсті
ҚазТрансОйл
KZTOҚазТрансОйл
1 307,00 ₸
−1,13%▼
түсті
KASE
KASE индексі күн қорытындысы
7 846,74
+0,37%▲
Дереккөз: Қазақстан қор биржасы (KASE) · 5 қазан 2026 жыл
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Аптаны минуспен бастаған компаниялар

Ең көп арзандаған акция — ҚазТрансОйл (KZTO). Мұнай тасымалдаушының қағазы 1 322 теңгеден 1 307 теңгеге түсіп, 1,13% арзандады. Kcell (KCEL) 0,31%, Air Astana (AIRA) 0,27% төмендеді. Кегоктағы өзгеріс небәрі −0,003% болды. ҚазМұнайГаздың жабылу бағасы 35 750 теңгеде өзгеріссіз қалды.

Қазақтелекомның (KZTK) жабылу бағасы 44 677,98 теңгеден 44 677,99 теңгеге өзгерді. Екі ондық таңбаға дейін дөңгелектегенде бұл 0,00%. KASE-нің 5 қазандағы ресми есебінде қазіргі индекс құрамында AIRA, CCBN, HSBK, KCEL, KEGC, KMGZ, KSPI, KZAP, KZTK және KZTO бар.

Сауда барысында KASE индексінің ең жоғары мәні 7 864,62, ең төменгісі 7 803,98 тармақ болды. Биржа дерегінше, жыл басынан бері индекс 11,6% өскен.

Сондай-ақ оқыңыз